Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2025 жылдың 28 ақпан күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...

2025 жылдың 28 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2025 жылдың 28 қаңтарында Ақтау қаласы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...

2025 жылдың 28 қаңтар күні ”Білім беру саласын цифрландыру және цифрлық ...

2025 жылдың 28 қаңтар күні “Тәрбие теориясының жаңа бағыттары” тақырыбында ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен “Әкелер Одағы” республикалық ...

Қазақстан балалардың жан-жақты дамуы және болашағының жарқын болуы үшін ...

2025 жылғы 24 қаңтар күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ...

24.01.2024 күні Қарақия ауданы №6 жалпы білім беретін мектебінде ...

2025 жылдың 23 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...