Облыстық инклюзивті жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған семинар
15.09.2022 жылы орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, арнайы және инклюзивті білім беру бөлімі бойынша «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында инклюзивті жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған семинар өткізілді.
1.Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Кентанова Ляззат Куанышкаликызы инклюзивті білім беруде басшылыққа алатын нормативті құжаттар мен әдістемелік нұсқау хаттармен, бұйрықтармен, заңдармен таныстырды.
2. №2 арнайы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, дефектолог Джамаева Құралай Альмаханқызы ерекше балалармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері туралы баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.
3. Түпқараған аудандық оқу-әдістемелік орталығының инклюзивтік және психологиялық бөлімінің әдіскері Жетібайқызы Ақдидар педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мамандарының құжаттары туралы баяндама жасады.
4. Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп бастауыш сынып мұғалімі Жанболова Зауре Танатаровна өзінің сыныбында ерекше білім беруді қажет ететін баламен математика пәнінде жаңаша әдіс-тәсілдерді, KAHOOT, ZIP GRADE, ONLINE MEKTEP қосымшалары арқылы жұмыс жасайтынын көрсетіп, баяндама оқыды.
5. ПМПК жұмысының негізгі бағыттары туралы №2 АПМПК логопеді, педагог-дефектологы Біжікен Мөлдір Ғабдоллақызы баяндама оқып, педагогтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар семинар барысында тәжірибемен алмасып, өздеріне қажетті ұсыныстар мен инклюзивті білім беруге байланысты кеңестер алды. Барлығы 100 педагог қатысты.
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының ...
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының 16.09.2025ж. № 201-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...
Бүгін 17 қыркүйек күні “Адал азамат”: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі - ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа ...
2025 жылғы 29 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен ...
Маңғыстау облыстық тамыз конференциясы аясында ұстаздар қауымы үш бағыт ...
Бүгін, 27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» ...
27 тамыз күні Ақтау қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты ...

__b9a64f220a461721fe1542437112d093.jpeg)








__871c5767ecee793846d201d9bd30c073.png)

__213e26be27a62575947dc4c60e847e7c.jpeg)





