Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2024 жылдың 27 қараша күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ...
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 22.10.2024 ...
«Серікбол Қондыбай мұралары: әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар контекстінде» ...
Ағымдағы жылдың 21-22 қараша күндері Маңғыстау облысының әкімдігі мен Ш.Есенов ...
2024 жылдың 20 қараша күні Ұлттық баяндаманы іске асыру мақсатында «Білім беру ...
2024 жылғы 19 қараша күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!!! Ағымдағы жылдың 21-22 қараша күндері ...
2024 жылдың 13-16 қараша аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме ...