Орталық жаңалықтары

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңалыққа жаны құштар, ізденімпаз, еңбекқор, өздерін үнемі жетілдіріп, шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген маңғыстаулық педагогтерге ерекше құрмет көрсетілді.

Бүгін 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, мұғалімдік жолды таңдаған жас мамандар қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ноғаев бүгінгі шараның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандығын атай келе, қонақтарды ұлы мерекемен құттықтады.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет»,- деген болатын.

Осыған байланысты елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білесіздер. Заңда педагогтің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі нақты бекітілді.

Кезең-кезеңмен педагогтерді ұдайы материалдық қолдау жүйесі қалыптасты. Соңғы төрт жылда жалақы 100 %-ға, біліктілік санаттары бойынша жалақы 50%-ға дейін өсті.

Халықаралық деңгейде оқушы дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленді.

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш және республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы тағайындалды.

Осының барлығы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау деп білемін.

Заман талабына сай білімі мен білігі, рухы мен мәдениеті озық мұғалімнің ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз.

Облыста соңғы 10 жыл ішінде (2012-2022 жж.) үздік педагогтердің саны 35-ке жетті. Осындай педагогтеріміздің қатары жыл сайын толығып келе жатқаны көңіл қуантады», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.

Шара соңында 2022 жылдың «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты, облыстың үздік педагогтеріне 300 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар барлық үздік педагогтерге облыс әкімі Н.Ноғаевтың құттықтау хаты тапсырылды. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


2023-2024 жаңа оқу жылында сұранысқа ие білікті мамандар дайындау мақсатында 5587 ...

Өткен оқу жылында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Биыл Ақтау ...

2023 жылы Маңғыстау облысының мектептерінде оқушылар саны артып, 188 000-нан асты. ҚР ...

2023 жылы Маңғыстау облысының мектепке дейін білім мен тәрбие жүйесінде 3 061 орын ...

2023 жылғы 22 желтоксан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Пәндер бойынша авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің ...

2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласында «Білім берудегі көшбасшы бағдары» ...