Орталық жаңалықтары

Облыстық «Үздік аула клубы» байқауы

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай өткізілді.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын аула клубтарын қолдау және дамыту.

Облыстық байқауға аудан, қалалардан қосымша білім беру ұйымдары жанындағы барлығы 5 аула клубының жұмысы келіп түсті.

Аула клубтың ұйымдастырушы педагогтері диаграмма және статистикалық деректерді көрсету арқылы өз аула клубтарын таныстырып, оқушыларды қосымша білімге тарту, қосымша білім берудің маңыздылығы мен тәрбие процесін ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктері мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалысы аясындағы жұмыстарын көрсетті.

Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысында:

І орын - Бейнеу ауданы,Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі жанындағы «Сам» аула клубы;

ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебі жанындағы «Басқұдық» аула клубы;

ІІІ орын - Ақтау қаласы, Оқушы орталығы жанындағы «Тұлпар» аула клубы иеленді.

Жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы дипломдарымен марапатталды.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/p/14T9bkGRRT/

 



ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Маңғыстау облыстық әкімдігінің ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2024 жылғы 26 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары негізінде 2024 жылғы 26 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес ...

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық ...

2024 жылғы 21-22 ақпан күндері Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес, ...

Бүгін, 22 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...