«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.
Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:
үй тапсырмасын орындау;
шығармашылық және дамытушылық қызметтер;
кітап оқу;
қимыл-қозғалыс ойындар.
Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.
Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.
Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;
Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады.
22 сәуір күні Маңғыстау ауданының Есір Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: АҚТАУДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: АҚТАУДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ ...
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары арасындағы жасалған меморандум ...
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары арасындағы жасалған меморандум ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 21 ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № ...
2026 жылдың 14 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 08.04.2026 жылғы ...
2026 жылдың 14 сәуір күні облыстық оқу-әдістемеліктің жоспарына сәйкес «Білім ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...





















