Орталық жаңалықтары

«Ұстазыма–ыстық ықыласпен..!» салтанатты шарасы өтті.

Бүгін, 30 қыркүйек күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театрында Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстазыма–ыстық ықыласпен..!» салтанатты шарасы өтті.

Шараға облыс әкімі Н.Ноғаев, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық «Аманат» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттар, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының өкілі, мемлекеттік органдарының басшылары, «НЗМ» дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының және «Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамы филиалының басшысы, облыстың білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдері, білім саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиын педагогика саласындағы жетістіктер туралы бейнероликпен басталды.

Бұдан соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға өз алғысын білдірді.

Облыстың білім саласын дамытып, оның қарыштап дамуына үлес қосып, еңбегімен ерекшеленген мұғалімдерді марапаттады.

Сонымен қатар бірқатар мұғалімдер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерімен, сонымен қатар атаулы министрліктің және облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін ұстаздарды көтермелеу мақсатында облыс әкімінің қаулысымен жетістіктері жоғары мұғалімдерге 12 бағыт бойынша облыс әкімінің «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 теңге көлемінде бір жолғы сыйақы табысталды.

Ерекше еңбегімен еленген 12 мұғалімге Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ тарапынан Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайына жолдама берілді.

Шара барысында мұғалімдерінің назарына Ақжайықтың ақ шағаласы атанған, қазақтың ақын қызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның, оқушылардың, өзге сала қызметкерлерінің құттықтаулары көрсетілді.

Мерекелік шара ән-шашумен жалғасты. 

title=title=title=title=title=


12 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында балалар мен жастардың шығармашылық және ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 ...

2026 жылғы 6 қаңтар күні Ақтау қаласы, №34 жалпы білім беретін мектепте бастауыш ...

2026 жылғы 6 қаңтарда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ...

2026 жылғы 5–8 қаңтар күндері «Келешек мектептері» желісі педагогтеріне арналған ...

2025 жылғы 30 желтоқсан күні облыстық сараптамалық кеңестің 4-отырысы ...

Педагогтердің сабақты тиімді жоспарлауы, сабақ үдерісін жүйелеу, оқыту ...

2025 жылғы 26 желтоқсан күні аудандық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтар мен ...

Бүгін, 26 желтоқсан күні «Holiday Inn Aktau» қонақ үйінде шалғай және шағын жинақты ...

2025 жылғы 26 желтоқсанда Ақтау қаласы №18 жалпы білім беретін мектепте білім беру ...