ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңалыққа жаны құштар, ізденімпаз, еңбекқор, өздерін үнемі жетілдіріп, шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген маңғыстаулық педагогтерге ерекше құрмет көрсетілді.
Бүгін 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті.
Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, мұғалімдік жолды таңдаған жас мамандар қатысты.
Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ноғаев бүгінгі шараның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандығын атай келе, қонақтарды ұлы мерекемен құттықтады.
«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет»,- деген болатын.
Осыған байланысты елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білесіздер. Заңда педагогтің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі нақты бекітілді.
Кезең-кезеңмен педагогтерді ұдайы материалдық қолдау жүйесі қалыптасты. Соңғы төрт жылда жалақы 100 %-ға, біліктілік санаттары бойынша жалақы 50%-ға дейін өсті.
Халықаралық деңгейде оқушы дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленді.
Республикалық «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш және республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы тағайындалды.
Осының барлығы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау деп білемін.
Заман талабына сай білімі мен білігі, рухы мен мәдениеті озық мұғалімнің ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз.
Облыста соңғы 10 жыл ішінде (2012-2022 жж.) үздік педагогтердің саны 35-ке жетті. Осындай педагогтеріміздің қатары жыл сайын толығып келе жатқаны көңіл қуантады», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.
Шара соңында 2022 жылдың «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты, облыстың үздік педагогтеріне 300 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.
Сонымен қатар барлық үздік педагогтерге облыс әкімі Н.Ноғаевтың құттықтау хаты тапсырылды.
Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске ...
2025 жылғы 11 қараша күні Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының ...
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру процесінде жасанды ...
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудан, қала бойынша оқу-әдістемелік орталығы ...
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ...
2025 жылдың 24 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында облыстың 41 жалпы білім беретін ...
2025 жылдың 5 қараша күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай білім беру ...
2025 жылғы 4-5 қараша күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Талдықорған қаласында 29-31 қазан күндері тарих пәні мұғалімдеріне арналған ...
2025 жылғы 31 қазан күні Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, мектепалды сынып ...














__2e7c0f2ea66e7078884eebadae261fcd.png)




__2c184cee5e79e25bb8d7986859fc799e.png)
__b5e98cd93c020b70d0c02ddfb9eb3548.png)

__ed5ccad50d494dfd51f563b2bc4117ef.png)
__248277438885a2268f82d76d900a5c52.png)