«Mektep.edu.kz» электронды журналына енгізілген өзгерістер
2021 жылдың 6 қазан күні «Mediana Services Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларынан құралған жұмысшы тобының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында «Mediana Services Limited» ЖШС директоры Қ. Бекназарова 2021 – 2022 оқу жылындағы «Mektep.edu.kz» электронды журналындағы өзгерістер, бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық бақылауларды мектептің оқыту ерекшелігіне қарай енгізу жұмыстары туралы айтып өтті.
Ақтау қаласындағы № 5, 21 жалпы білім беретін мектептер, №13 гимназия, ІТ лицейі және Білім инновация лицейі, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан келген мамандар өз пікірлерін ортаға салды.
Отырыс соңында мектептердің ерекшеліктеріне қарай БЖБ, ТЖБ санын жинақтап, бір кестемен дайындалатын болып шешім қабылданды.
Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...
ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...
Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...
2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...
Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...