Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2024 жылы 7 қараша күні Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық ...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ...

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай ...

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы ...

Бүгін 30 қазан күні «Абай» атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ...

2024 жылғы 30 қазан күні «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы ...

Республика күні қарсаңында Астана қаласында «Үздік педагог-2024» республикалық ...

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Мұнайлы ауданында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы ...