Орталық жаңалықтары

Десанттық сабақтар өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.

Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.

Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау. 

title=title=title=


Астана қаласында «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары ...

Маңғыстау облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Бүгін, 21 қазан күні, «Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруға арналған ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен «Көмек командасы» ...

2025 жылғы 14 қазан күні Mangystau Hub өңірлік технопаркінің қолдауымен «Digital Ұстаз» ...

2025 жылғы 10 қазанда Ақтау қаласындағы IT-лицей мен №27 жалпы білім беретін ...

Ақтау қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «TurkicSkills-2025» І Халықаралық кәсіби ...

2025 жылғы 9 қазанда Mangystau Hub өңірлік технопаркінің қолдауымен «Digital Ұстаз» жобасы ...

Бүгін Ақтау қаласында өтіп жатқан TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік ...