Облыстық «Үздік аула клубы» байқауы
Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай өткізілді.
Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын аула клубтарын қолдау және дамыту.
Облыстық байқауға аудан, қалалардан қосымша білім беру ұйымдары жанындағы барлығы 5 аула клубының жұмысы келіп түсті
Аула клубтың ұйымдастырушы педагогтері диаграмма және статистикалық деректерді көрсету арқылы өз аула клубтарын таныстырып, оқушыларды қосымша білімге тарту, қосымша білім берудің маңыздылығы мен тәрбие процесін ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктері мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалысы аясындағы жұмыстарын көрсетті.
Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысында:
І орын - Бейнеу ауданы,Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі жанындағы «Сам» аула клубы;
ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебі жанындағы «Басқұдық» аула клубы;
ІІІ орын - Ақтау қаласы, Оқушы орталығы жанындағы «Тұлпар» аула клубы иеленді.
Жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы дипломдарымен марапатталады!
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...
Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...
2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Алматыкітап» ЖШС-нің оқу ...
Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ...
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық ...