«Mektep.edu.kz» электронды журналына енгізілген өзгерістер
2021 жылдың 6 қазан күні «Mediana Services Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларынан құралған жұмысшы тобының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында «Mediana Services Limited» ЖШС директоры Қ. Бекназарова 2021 – 2022 оқу жылындағы «Mektep.edu.kz» электронды журналындағы өзгерістер, бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық бақылауларды мектептің оқыту ерекшелігіне қарай енгізу жұмыстары туралы айтып өтті.
Ақтау қаласындағы № 5, 21 жалпы білім беретін мектептер, №13 гимназия, ІТ лицейі және Білім инновация лицейі, Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан келген мамандар өз пікірлерін ортаға салды.
Отырыс соңында мектептердің ерекшеліктеріне қарай БЖБ, ТЖБ санын жинақтап, бір кестемен дайындалатын болып шешім қабылданды.
2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...
2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері ...
Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...
2024 жылдың 21 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...
Үстіміздегі жылдың 17 мамыры күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік ...