РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК!
Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған Республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальге республика бойынша 20 команда қатысты. Фестиваль "Орындаушы-вокалисттер", "Фольклорлық ансамбль", "Вокалдық-аспаптық ансамбльдер (топтар)" аталымдары бойынша додаға түсті.
Маңғыстау облысынан қатысқан Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің "SHOGY этно-бенд" командасы "Вокалдық-аспаптық ансамбльдер" аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары (А.Мендогунов А.К., Нуржау А.С., Серікұлы Н., Меңдіғұл Н.К., Аралбай Н.А.) және жетекшісі Жаңғабылов Ерлан Мұратбайұлы бастаған топ облыс мерейін өсірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...
Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...
2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...
IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ...
Бүгін Бейнеу ауданының Сам жалпы білім беретін мектебінде музыка пәні ...
Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мобильді ...
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...















