АЛҒА, МЕРАС!!!
Қазақстан Республикасының атынан әр өңірдің 5 студенті, оның ішінде Маңғыстау техникалық колледжінің 2021 жылғы түлегі, Мерас Чонекбаев а.ж. 22-26 қыркүйегінде Австрияның елінің Грац қаласында өтетін «EuroSkills Graz 2021» халықаралық чемпионатына «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша қатысады.
Қазіргі таңда Мерас «Гранд КА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс жасайды. Ол тамыз айында Алматы қаласында Дәнекерлеу орталығында және қыркүйек айында Ақтау қаласындағы тренинг орталығында арнайы мамандар көмегімен дайындықтан өтуде.
Мерас, «Worldskills Kazakstan»-2019 ұлттық чемпионатының және «Worldskills Uzbekistan»-2020 чемпионатының жеңімпазы.
Халықаралық чемпионатының басты талабы – қатысушылар мамандығының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілін білуі керек. Мерас ағылшын тілінен арнайы дайындығынан өтті.
Мерас – Қазақстан «Worldskills» ұлттық құрама командасының мүшесі. Мерасқа халықаралық чемпионатта сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!
15 қыркүйек 2021 жыл
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 ...
«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық ...
Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық мектеп ...
Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...
Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы ...
2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ...