РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК!
Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған Республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальге республика бойынша 20 команда қатысты. Фестиваль "Орындаушы-вокалисттер", "Фольклорлық ансамбль", "Вокалдық-аспаптық ансамбльдер (топтар)" аталымдары бойынша додаға түсті.
Маңғыстау облысынан қатысқан Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің "SHOGY этно-бенд" командасы "Вокалдық-аспаптық ансамбльдер" аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары (А.Мендогунов А.К., Нуржау А.С., Серікұлы Н., Меңдіғұл Н.К., Аралбай Н.А.) және жетекшісі Жаңғабылов Ерлан Мұратбайұлы бастаған топ облыс мерейін өсірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылғы 06 ...
Бүгін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының ерекшеліктерін ...
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тамыры терең дәстүр мен ұлттық құндылықты, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 30 ...
TopIQ платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізілетін ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына және Арнайы және ...
28.04.2025жылы ''BЕlЕS'' облыстық биология пәні мұғалімдері қауымдастығының ...
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау ...
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Маңғыстау облысында ҚР ...















