Орталық жаңалықтары

Үздік кітапханашылар анықталды

2022 жылғы 13 желтоқсан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық қашықтық байқауы өтті. Мектеп кітапханашыларының шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен бұл байқауға 8 кітапханашы қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жолдаған жұмыстар төмендегідей 3 бөлім бойынша қаралды:

- Оқыту тіліндегі электронды портфолио.

- Бейнеролик түріндегі электронды таныстырылым.

- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шараның бейнежазбасы.

Жұмыстар әр бөлім бойынша алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкес қаралып: электронды портфолио ресімдеуде жаңашылдықтың; бейнеролик дайындауда креативтіліктің жетіспеушілігі, бейнежазбаның сапасына мән берілмеуі; кітапханадағы шаралардың әлі күнге дейін ескі форматта өтуі, т.б. сияқты ортақ кемшіліктер анықталды.

Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, жүлделі орын алғандар марапатталды.

І орынды Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Суюнова Гүлмира;

ІІ орынды Маңғыстау ауданы, Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Теңелбаева Насипгул;

ІІІ орынды Түпқараған ауданы, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының кітапханашысы Сисенбаева Гүлнур иеленді.

Ал Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Усербаева Сандуғаш ынталандыруға ие болды. 

title=title=title=


2025 жылғы 25 желтоқсанда білім беру саласына бағытталған маңызды іс-шара өтті. ...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК! Республикалық “Педагогикалық идеялар панорамасы-2025” ...

2025 жылғы 22 желтоқсан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы Маңғыстау ...

2025 жылғы 18 желтоқсанда №24 жалпы білім беретін мектепте Білім басқармасының ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...

СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...

Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...