Орталық жаңалықтары

ВИРТУАЛДЫ ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН САЛАМЫЗ» отбасы шығармашылығының облыстық виртуалды фестивалі

Фестивальдің мақсаты:
- жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
- отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату;
- қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру.

Фестивальдің міндеттері:
- салауатты, бақытты және тату отбасы мәртебесін нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау және көбейту;
- білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін арттыру;
- білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Фестиваль жұмыстары ағымдағы жылдың 10 - 15 маусым аралығында facebook әлеуметтік парақшаларында #mngotbasy және #virtualotbasy хэштегтерімен жариялануы тиіс.

Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

Фестивальге қатысу шарттары:
Фестивальге қатысушы өз жұмысын видео түрінде ұсына алады. Жұмыстар сапалы болуы тиіс.

Фестиваль талаптары:
Фестивальге қатысушы отбасы мүшелерімен бірге тақырыпқа сәйкес виртуалды бейнероликтер түсіру арқылы қатысады.

 

title=


2026 жылдың 13 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 09.04.2026 жылғы ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 ...

2026 жылдың 10 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 08.04.2026 жылғы ...

2026 жылғы 8 сәуір күні облыс бойынша барлық білім беру ұйымдарында 11-сынып ...

«Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ...

Бүгін, 2 сәуір күні «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, ...

Бүгін, 2 сәуір күні «AIS» халықаралық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ...

2026 жылғы 26-27 наурыз күндері Астагна қаласы,№115 жалпы білім беретін мектеп ...

2026 жылдың 26 наурыз күні Түркістан қаласында математика пәні мұғалімдері ...