Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ...
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Бүгін, 4 наурыз күні Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Техникалық және ...
Алтынсарин академиясы әзірлеген авторлық бағдарламаларды әзірлеуге пайдалы ...
2025 жылдың 27-28 ақпан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2025 жылдың 27 ақпан күні облысымыздың математика пәні мұғалімдері арасында өткен ...
«TopІQ платформасында электрондық оқулықтарды пайдалану мүмкіндіктері» ...
Берудің оқу-әдістемелік орталығының іс - шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 26 ...
2025 жылдың 26 ақпан күні облыстық Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ...








__7597980582e8df785c6d9e92d7dad427.jpg)








