«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен президенттік Жастар кадрлық резервінің ...
2024 жылдың 19 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылғы 19 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арнаған іс-шаралар жоспарына ...
2024 жылғы 18 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып педагогтеріне ...
Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...
2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...
Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...