«Ханталапай» облыстық байқауы өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 7 наурыз күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» облыстық байқауы өтті.
Байқауға аудан, қалалардағы мектепке дейінгі ұйымдардан барлығы 15 жұмыс келіп түсті. Онлайн өткізілген байқауға бөбекжайлардың YouTybe әлеуметтік желісінде жарияланған сілтемелері негізге алынды.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегі орындар мен номинациялар берілді:
І орын – Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, «Балбөбек» бөбекжайы;
ІІ орын – Ақтау қаласы, №23 «Ақмоншақ» бөбекжайы;
ІІІ орын – Бейнеу ауданы, «Манашы» бөбекжайы;
ІІІ орын – Мұнайлы ауданы, №8 «Алтын сақа» бөбекжайы.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинациясы – Мұнайлы ауданы, «Өмірзақ» жекеменшік балабақшасы;
«Алтын сақа» номинациясы – Мұнайлы ауданы, «Жанымай» жекеменшік балабақшасы;
«Үздік ойыншылар» номинациясы – Мұнайлы ауданы, №11 «Шағала» бөбекжайы;
«Белсенді ойыншылар» номинациясы – Ақтау қаласы, № 46 «Балбұлақ» бөбекжайы;
«Тапқырлар мен ептілер» номинациясы – Жаңаөзен қаласы, №3 «Балдәурен» бөбекжайы;
«Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы» номинациясы – Бейнеу ауданы, «Бейнеу» бөбекжайы.
Жеңімпаздар Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
https://youtu.be/-lVJOkPINxI?feature=shared
2023 жылғы 25 қыркүйек күні облыстық білім басқармасының конференция залында ...
2023 жылдың 20-22 қыркүйек күндері "Айрық" қоғамдық қоры мен орталықтың бірлескен ...
2023 жылдың 22 қыркүйек күні Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім ...
2023 жылғы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Бүгін облыстық «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын ...
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті ...
11-22 қыркүйек аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық ...
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі ...
2023 жылдың 18 қыркүйек күні Бейнеу ауданында «Зорлық-зомбылықтың және ...