«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Пәндер бойынша авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің ...
2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласында «Білім берудегі көшбасшы бағдары» ...
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні «Достық үйінде» жастардың бас қосуы өтті. ...
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Астана қаласында республикалық «Үздік ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 1 желтоқсаны күні облыстық ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
2023 жылғы 30 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...