Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...

2023 жылдың 28 ақпаны күні облыстық білім беру оқу-әдістемелік орталығының ...

Мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 ...

24.02.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 С.Мұқашов атындағы жалпы ...

2023 жылдың 24 ақпан күні Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай облыстық сурет және ...

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылдың 22-23 ақпан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...

2023 жылдың 22 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен 2023 ...

«Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру» тақырыбында облыстық ...