Орталық жаңалықтары

«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.

2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.

Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.

Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді. 

title=title=title=title=title=title=


Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ағымдағы жылдың 2–3 сәуір күндері ...

2026 жылдың 23 наурыз күні Алматы қаласында жас математика пәні мұғалімдері ...

2026 жылдың 20 наурыз күні Қарақия ауданының №4 жалпы білім беретін мектеп ...

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...

2026 жылғы 17 ақпанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2026 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...