Орталық жаңалықтары

«Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды сапалы ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Мамаеваның қатысуымен «Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды сапалы ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету семинары өтті.

Семинарға Мұнайлы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы, Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің диетбикесі, аудандық білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтері, медбикелер мен қамқоршылық кеңес төрағалары қатысты.

Семинарда Мұнайлы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы Б. Исаева білім беру ұйымдарында ыстық тамақпен қамту мәселесіне қойылатын санитарлық эпидиомологиялық талаптар жөнінде айтып өтті.

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің диетбикесі А. Күзбаева мектеп асханасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудың негізі ережелерімен таныстырды.

Мұнайлы ауданының Ш. Мұңалұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп директоры Ж. Бөкен білім беру ұйымдарыңдағы тамақтандыруды ұйымдастырудағы талаптар туралы айтты.

Ақтау қаласының №21 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі Г. Өтесін әлеуметтік педагогтің мектеп асханасындағы қызметі жөнінде айтып өтті.

Отырыс соңында білім білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар міндеттелді.

Семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

title=title=title=title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...