Орталық жаңалықтары

«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ» БӨЛІМІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Орталықтың психологиялық қолдау бөлімінің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибесін зерделеуге,  жинақтауға, таратуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсету. Осы бағытта мамандарға семинарлар, вебинарлар, апталықтар, ашық есік күндері, форумдар, байқаулар мен әдістемелік күндер ұйымдастырылып, барлығы 6376 маман, 38396 білім алушылар, 8152 ата-ана қатысты.

Маңғыстау облысында 145 жалпы білім беретін ұйымдарда 251 педагог-психолог бар. Оның 11 (4,4%) педагог-зерттеуші, 30 (12%) педагог-сарапшы, 78 (31%) педагог-модератор, 9(3,6%) психолог , 123 (49%) санатсыз педагог-психологтер. Соның ішінді жас мамандар саны – 49 (19,5%).

Педагог-психологтердің еңбек өтілдеріне тоқталатын болсақ, 0-3 жыл аралығы 49 (20%) педагог-психолог, 3-5 жыл – 31 (12%), 5-10 жыл – 78 (31%), 10-15 жыл – 44 (17%), 15 жылдан жоғары 49 (20%) педагог-психологтер құрайды.

Жалпы білім беру ұйымдарында 164 әлеуметтік педагог бар. Олардың 7 (4%) педагог-зерттеуші, 14 (9%) педагог-сарапшы, 33 (20%) педагог-модератор, 4 (2%) әлеуметтік педагог ескі форматтағы санатта, 106 (65%) санатсыз әлеуметтік педагогтер.

Әлеуметтік педагогтердің еңбек өтілдеріне тоқталатын болсақ, 0-3 жыл аралығы 62 (38%) әлеуметтік педагог, 3-5 жыл – 32 (19%), 5-10 жыл – 36 (22%), 10-15 жыл – 21 (13%), 15 жылдан жоғары 13 (8%) әлеуметтік педагогті құрайды.

БАҚ беттеріне 21 педагог-психолог, 13 әлеуметтік педагог мақалаларын жариялады.

2023 жылы 390 педагог-психолог, 108 әлеуметтік педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті.

 

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...