Орталық жаңалықтары

Ардақты ақ халатты абзал жандар

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндіктер жасалуда.
Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

Ізгі тілекпен: Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы 

title=


Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ағымдағы жылдың 2–3 сәуір күндері ...

2026 жылдың 23 наурыз күні Алматы қаласында жас математика пәні мұғалімдері ...

2026 жылдың 20 наурыз күні Қарақия ауданының №4 жалпы білім беретін мектеп ...

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...

2026 жылғы 17 ақпанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2026 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...