Орталық жаңалықтары

Қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында коучинг өтті

2023 жылғы 17 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тналиевтің «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын Маңғыстау облысында іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында «Қаржылық сауаттылық: кіріс пен шығынды реттеу» тақырыбында коучинг өтті.

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі базасында өткен шараға Ақтау қаласында орналасқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушыларынан барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Коучингті Маңғыстау өнер колледжі басшысының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары, коуч-тренер Сдыкова Гулшат Габиденқызы жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында мағлұмат берді.

Шара соңында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=FnYH8PYqRq4&t=5s   

 



...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...