Орталық жаңалықтары

Үздік кітапханашылар анықталды

2022 жылғы 13 желтоқсан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық қашықтық байқауы өтті. Мектеп кітапханашыларының шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен бұл байқауға 8 кітапханашы қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жолдаған жұмыстар төмендегідей 3 бөлім бойынша қаралды:

- Оқыту тіліндегі электронды портфолио.

- Бейнеролик түріндегі электронды таныстырылым.

- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шараның бейнежазбасы.

Жұмыстар әр бөлім бойынша алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкес қаралып: электронды портфолио ресімдеуде жаңашылдықтың; бейнеролик дайындауда креативтіліктің жетіспеушілігі, бейнежазбаның сапасына мән берілмеуі; кітапханадағы шаралардың әлі күнге дейін ескі форматта өтуі, т.б. сияқты ортақ кемшіліктер анықталды.

Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, жүлделі орын алғандар марапатталды.

І орынды Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Суюнова Гүлмира;

ІІ орынды Маңғыстау ауданы, Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Теңелбаева Насипгул;

ІІІ орынды Түпқараған ауданы, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының кітапханашысы Сисенбаева Гүлнур иеленді.

Ал Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Усербаева Сандуғаш ынталандыруға ие болды. 

title=title=title=


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...

...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...