Облыстық сараптамалық кеңестің қызметі туралы
2025 жылғы 30 желтоқсан күні облыстық сараптамалық кеңестің 4-отырысы өткізілді.
Ағымдағы жылы облыстық сараптамалық кеңестің қарауына барлығы 103 жұмыс ұсынылды.
Сараптамалық комиссия отырының шешімімен 6 педагогтің жұмысы республикалық деңгейге ұсыну үшін мақұлданды. Атап айтқанда, Ақтау қаласы бойынша – 3 жұмыс, Мұнайлы ауданынан – 2 жұмыс, Түпқараған ауданынан – 1 жұмыс.
Облыстық деңгейде 55 жұмыс бекітілді. Оның ішінде:
• Ақтау қаласы – 30 жұмыс,
• Мұнайлы ауданы – 13 жұмыс,
• Жаңаөзен қаласы – 2 жұмыс,
• Бейнеу ауданы – 4 жұмыс,
• Облыстық мектептер – 6 жұмыс.
Сараптама нәтижесінде 42 жұмыс белгіленген талаптарға сәйкес толықтыру және қайта өңдеу үшін авторларына қайтарылды.
Облыстық сараптамалық кеңес педагогтердің ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыруға, авторлық жұмыстардың сапасын жетілдіруге және үздік тәжірибелерді іріктеу арқылы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.
2024 жылғы 26 тамыз күні Ақтау қаласында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы ...
Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылғы 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...
2024 жылдың 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...
Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...
Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...
Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...


__146b5e4d27e7e14640ea9213c6b17b5f.png)

__aca9e09ca0e04ce9a9e30cafac36460a.png)











