Орталық жаңалықтары

Сүйінші жаңалық!

Сүйінші жаңалық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауларда 3 бірдей маңғыстаулық қатысушының қанжығасы майланды!

Үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына елімізден 30 өзге ұлт өкілінен тұратын 171 адам қатысты. Қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан жатқа мәнерлеп үзінді оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жариялады.

Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталып, Маңғыстаудан екі бірдей этнос өкілі жеңімпаз атанды. Оның бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория (ұлты рутул) бас жүлдені, ал Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беретін мектептің 7 Ғ сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын (жетекшісі: Эсетова Қазына) І орынды иеленді.

Ал бүгін Қарағанды қаласы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен медицина саласы қызметкерлері мен медицина колледжі студенттерінен 17 өзге ұлт өкілі қатысты. Өлкеміздің намысын қорғаған 16 жасар ең жас қатысушы Маңғыстау облыстық медициналық жоғарғы колледжінің І курс студенті Асадбек Турсынбаев (жетекшісі: Ғайнижамал Түменбаева) 50 мың теңгелік ынталандыру сыйлығына ие болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

title=title=title=title=title=


2022 жылдың 14 желтоқсан күні, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы және ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2022 жылғы 13 желтоқсан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы ...

2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика ...

Құрметті ұстаздар,2022 жылғы 7 қарашада шығармашыл әрі жаңашыл ұстаздарға арналған ...

2022 жылдың 30 қараша күні  "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері" ...

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының  жоспарына сәйкес  2022 жылдың 21 ...

Хабарландыру! 2022 жылдың 24-25 қараша аралығында Өскемен қаласы «Абай атындағы ...

«Студенттердің ғылыми қоғамдастағы: пәнаралық зерттеулер» тақырыбында ...