Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



14.10.2022 ж. күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...

Сүйінші жаңалық! Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылға арналған іс-шаралар ...

2022 жылдың 13 қазаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2022 жылдың 13 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2022 жылдың 12 қазан күні  білім беру ордасында туындайтын даулар мен жанжалдарды ...

2022 жылдың 12 қазан күні онлайн форматта «Мектепке арналған PISA» зерттеуінің ...

2022 жылдың 12 қазан күні онлайн форматта мектепке арналған PISA зерттеуінің ...

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі №07/509 ...

5-6.10.2022 ж. күндері ҚР БжҒМ N95 бұйрығына сәйкес, педагог қызметін курстан кейін ...