АЛҒА, МЕРАС!!!
Қазақстан Республикасының атынан әр өңірдің 5 студенті, оның ішінде Маңғыстау техникалық колледжінің 2021 жылғы түлегі, Мерас Чонекбаев а.ж. 22-26 қыркүйегінде Австрияның елінің Грац қаласында өтетін «EuroSkills Graz 2021» халықаралық чемпионатына «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша қатысады.
Қазіргі таңда Мерас «Гранд КА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс жасайды. Ол тамыз айында Алматы қаласында Дәнекерлеу орталығында және қыркүйек айында Ақтау қаласындағы тренинг орталығында арнайы мамандар көмегімен дайындықтан өтуде.
Мерас, «Worldskills Kazakstan»-2019 ұлттық чемпионатының және «Worldskills Uzbekistan»-2020 чемпионатының жеңімпазы.
Халықаралық чемпионатының басты талабы – қатысушылар мамандығының қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, ағылшын тілін білуі керек. Мерас ағылшын тілінен арнайы дайындығынан өтті.
Мерас – Қазақстан «Worldskills» ұлттық құрама командасының мүшесі. Мерасқа халықаралық чемпионатта сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!
15 қыркүйек 2021 жыл
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту ...
Облыстық мектеп кітапханашылары қауымдастығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының ...
2023 жылдың 14 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023 жылдың 13 сәуір күні «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...
Бүгін, ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні Шымкент қаласы әдістемелік орталығының ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығы мен Маңғыстау өнер колледжі ...
Облыстық «BELES» биология пәні мұғалімдерінің қауымдастығының «Биологияда ...