Орталық жаңалықтары

Дөңгелек үстел өтті.

2023 жылғы 25 қыркүйек күні облыстық білім басқармасының конференция залында білім жетістіктері мониторингінің нәтижелері (бұдан әрі - ББЖМ) бойынша дөңгелек үстел өтті.

Оған біздің облыс бойынша таңдап алынған 19 білім беру ұйымының басшылары мен Қазақстан Республикасының білім сапасын қамтамасыз ететін комитетінің бұйрығымен бекітілген менторлар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж. Жұмабаева ББЖМ бойынша жалпы түсінік беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды және жүйелі жұмыстар жүргізілу керектігін айтты.

Сонымен қатар, Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназия директоры М. Әбдиева, Жаңаөзен қаласының №22 жалпы білім беретін мектеп директоры З. Құсайынова өз мектептерінің мектеп ішілік бақылау жоспары бойынша жасалған жұмыстары туралы мәлімет беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=


«Информатика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жазудың ...

Маңғыстау облысы бойынша педагогтер саны - 21377. 2022 жылдың қаңтар-қырқүйек ...

Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті 2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері ...

#Балаларжылы 2022 жылдың 9 қыркүйек күні "Балаларды ерте дамыту институтының" ...

Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП МЕКТЕПТЕР, ...

Бүгін Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет ...

Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні білім басқармасының АКТ залында "Маңғыстау ...