Облыстық әдістемелік вебинар өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығы негізінде әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2022 жылдың 26 күні облыстық әдістемелік вебинар өткізілді. Вебинарды білім берудің оқу- әдістемелік орталығының бастауыш сынып әдіскері Тоғысова Жамила Айтуарқызы ұйымдастырды.
Вебинар мақсаты: Жас ұрпақтың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, талантын ашуға ықпал ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін шыңдау.
Осы вебинарда Бейнеу ауданын жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті.
Алғашқы спикер Үстірт жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сарбалина Анаргүл Жасұланқызы «Интербелсенді әдістер қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы баяндамасын өз іс-тәжірибесімен байланыстыра отырып, терең ойлау, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту жолында өзі сабақ беретін сыныппен жүргізілген жұмыстарын ортаға салды.
Өз кезегінде Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Киякбаева Гулжан Жұмалықызы «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбында оқыған баяндамасында сабақтың әр кезеңдеріне арналған әдіс-тәсілдерді таныстырды.
Келесі спикер Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жумагамбетова Азима Есенамановна «Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту» тақырыбындағы баяндамасында әдебиеттік оқу сабағында оқушының тілдік қорын молайта отырып, баланы шығармашылыққа баулитын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
«Ә. Махмутов атындағы мектеп-бөбекжай кешені» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Елхондиева Карлыгаш Саттибаевна «Бастауыш сыныптарды белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін сабақты қызықты, әрі тартымды етіп өткізу баланың сабаққа белсенділігін арттыра түсетініне тоқталды.
2022 жылдың 27 қазан күні Маңғыстау облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні ...
2022 жылдың 26 қазан күні «Үздік қосымша білім беру педагогі» облыстық байқауы ...
2022 жылдың 22 қазан күні онлайн форматта қауымдастықтың жоспарына сәйкес «Шәкірт ...
Маңғыстау облысы Білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің №11 ...
Бейнеу ауданына жүргізілген мониторинг Маңғыстау облысының білім ...
2022 жылдың 21 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2022 жылғы 21 қазан күні «Интернет желісінде озық тәжірибелі педагогтердің ...
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті ...
2022 жылғы 21 қазан күні «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дамытудағы ...
2022 жылдың 20 қазан күні Республика күні қарсаңында Білім берудің оқу-әдістемелік ...