Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Түпқараған ...

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24 ақпан ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық тарих пәні ...

Технтехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ...

Бүгін Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін ...

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2025 жылдың 19 ақпан күні Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде «Оқу ...

Бүгін, 18 ақпанда Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы А. Кумбаевтың ...

2025 жылғы 17 ақпан күні облыстық мобильді топтың іс - шаралар жоспарына сәйкес, ...