Орталық жаңалықтары

«Ұлттық қүндылықтар - ел болашағы» тақырыбында вебинар өтті.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді тобының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлттық қүндылықтар - ел болашағы» тақырыбында вебинар өтті.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға ұлттық тәрбие беру барысында балабақша мен ата-ананың ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастылыған вебинарда Түпқараған ауданы «Айналайын» бөбекжайының әдіскері Н.Денбаева, «Алма» жекеменшік бөбекжай-бақшасының директоры Ж.Шортанова, Бейнеу ауданы «Қарақұм» бөбекжайының тәрбиешісі Н.Темірова, Ақтау қаласы №19 «Толағай» бөбекжайының тәрбиешісі А.Тулемисова, Ақтау қаласы №34 «Болашақ» бөбекжайының психологі М.Изжанова, Қарақия ауданы «Құлыншақ» бөбекжайының тәрбиешісі А.Саумбаева жаһандану заманында жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық тәрбиеге негізделген ата-анамен педагог арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, мектеп жасына дейінгі балаларды кішкентайынан еңбекке баулуға бағытталған отбасылық және педагогикалық үрдістер ұштастырылған тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға қатысушылар алдағы уақытта ата-анамен ұйымдастырылатын жұмыс барысында спикерлердің педагогикалық тәжірибелері арқылы нәтижелі жетістіктерге жетуге болатынын айта келіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...

2024 жылдың 21 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...

Үстіміздегі жылдың 17 мамыры күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік ...

2024 жылдың 17 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...

Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

«Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылығымыз» облыстық үздік сабақ байқауының ...

Бүгін, 16 мамыр күні Астана қаласында «Инклюзивті және арнайы білім беру ...