Орталық жаңалықтары

“Қосымша білім беруде әдістемелік қызметті ұйымдастыру: жаңа бағыт, ізденіс, нәтиже” тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Қарақия ауданы, Жетібай оқушылар шығармашылық орталығында қосымша білім беру педагогтерінің қауымдастығының ұйымдастыруымен “Қосымша білім беруде әдістемелік қызметті ұйымдастыру: жаңа бағыт, ізденіс, нәтиже” тақырыбында облыстық семинар өтті.

Шараға қосымша білім беру ұйымдары директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, педагогтер, қауымдастық мүшелері, барлығы 40-қа жуық маман қатысты.

Семинардың мақсаты: педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, оқу процестерін ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу.

Семинарда қатысушылар қауымдастықтықтың 2024 жылғы жұмыс жоспарымен танысып, спикерлердің өткізген шеберлік-сыныптарына қатысты.

Семинар соңында ұсыныстар айтылып, қатысушылар өзара іс-тәжірибелермен алмасты. 

title=


Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...

2024 жылдың 21 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...

Үстіміздегі жылдың 17 мамыры күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік ...

2024 жылдың 17 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...

Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

«Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылығымыз» облыстық үздік сабақ байқауының ...

Бүгін, 16 мамыр күні Астана қаласында «Инклюзивті және арнайы білім беру ...