Орталық жаңалықтары

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК

«Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауының республикалық кезеңі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – «Жаңа бастаған әртіс» номинациясы бойынша Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің «Жұлдыздар» тобы;

І орын – «Бармағын бал тамған» номинациясы бойынша Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиеленушісі Жұмабай Алихан;

ІІ орын – «Алтын дауыс» номинациясы бойынша Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің тәрбиеленушісі Орынбасар Аружан Саламатқызы;

ІІ орын – «Кішкентай биші» номинациясы бойынша Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің «Жорға би» тобы;

ІІІ орын – «Оркестр» номинациясы бойынша Түпқараған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің «Жауырын, асық» тобы марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері шығармашылық шеберліктері мен өнерге деген сүйіспеншіліктерін дәлелдеп, өңір намысын абыроймен қорғады. Жетекшілердің кәсіби еңбегі мен жүйелі дайындығының нәтижесінде тәрбиеленушілер жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы шығармашылық байқауларда жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз! 

title=


Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары арасындағы жасалған меморандум ...

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары арасындағы жасалған меморандум ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 21 ...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № ...

2026 жылдың 14 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 08.04.2026 жылғы ...

2026 жылдың 14 сәуір күні облыстық оқу-әдістемеліктің жоспарына сәйкес «Білім ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

2026 жылдың 13 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 09.04.2026 жылғы ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 ...