РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім қызметкерлерінің республикалық бірыңғай «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тамыз кеңесі аясында «Білім мазмұнын дамыту» тақырыбында пленарлық отырысы өтті.
Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев, облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, аудандық, қалалық әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының басшысы, білім басқармасының қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі, орта, қосымша білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, еліміздің 19 өңірінен келген делегаттар, БАҚ өкілдері, барлығы 600-ге жуық адам қатысты.
Бірыңғай республикалық тамыз кеңесінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау сөзін жеткізіп, салтанатты жиынды ашты.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласының жетістіктерде тоқталып, жаңа оқу жылымен құттықтады.
Облыстық тамыз кеңесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті М.Тыныбаева, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі вице-президенті Қ.Қожахметов, «BilimLand» ЖШС-нің Цифрлы контент әзірлеу департаментінің бас әдіскері Э.Бақтығалиева, Ақтау қаласының №1 мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, арнайы бағдарлама бойынша Маңғыстау облысына келген үздік мұғалім, педагог-шебер Э.Пушенова, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры, PhD докторы, ғылым және зерттеу басқармасының басшысы С.Сырлыбекқызы, Ы.Алтынсарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Б.Серікқали өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.
Тамыз кеңесінде жаңа 2023-2024 оқу жылына жаңа міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы ...
Бүгін 30 қазан күні «Абай» атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ...
2024 жылғы 30 қазан күні «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы ...
Республика күні қарсаңында Астана қаласында «Үздік педагог-2024» республикалық ...
Ағымдағы жылдың 24 қазан күні Мұнайлы ауданында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы ...
♻️2024 жылдың 24 қазан күні Ақтау қаласының директорларына, әдіскерлеріне, ...
2024 жылдың 23 қазан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы, Ата-аналарды ...
2024 жылдың 22 қазан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы, Ата-аналарды ...
ҚР колледждерінің студенттері арасындағы республикалық «Мен – кәсіпкермін» ...