«Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 3 желтоқсан күні ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасында «Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.
Фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, әлеуметтендіру, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Сырттай өткізілген облыстық шараға аудан, қалалардағы балабақшалар мен арнайы балабақшалардан би билеу номинациясы бойынша 21 жұмыс, вокалдық орындау бойынша 17 жұмыс қаралып, барлығы 200 бала қамтылды.
Ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасындағы «Үміт» шығармашылық өнер фестивалінің облыстық кезеңінде өнер көрсеткен әр балаға сыйлықтар мен жетекшілеріне cертификаттар табысталды.
2023 жылдың 6 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023 жылдың 2 ақпанында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2023 жылдың 3 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023 жылдың 03 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...
2023 жылдың 3 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Құрметті ұстаздар, «Жаңашыл мұғалім-2023» республикалық байқауына жұмыстарды ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...
2023 жылдың 30 қаңтар күні ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденді ...
2023 жылдың 30 қаңтар күні онлайн форматта облыстық семинар өтті. Мақсаты: қазіргі ...
"Мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие мен білім беру үрдісінде ұлттық ...