Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2023 жылдың 10 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2023 жылғы 10 наурызда Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау ...
2023 жылдың 10 наурыз күні облыстық «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес «Эссе ...
2023 жыл 09 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023 жылдың 5-6 наурыз күндері Алматы қаласында өткен республикалық ...
2023 жылдың 3 наурыз күні онлайн форматта халықаралық зерттеулер аясында ...
СҮЙІНШІ ХАБАР!!! 2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Алматы қаласында "Дарынды ...
СҮЙІНШІ ХАБАР!!! МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ...
2023 жылдың 3 наурыз күні «Жаратылыстану пәндері бойынша инклюзивті оқу үрдісін ...
Информатика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының «Жоспарлау, оқыту, бағалау» ...