ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.
Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.
Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.
Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.
Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы
- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы
- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді.
«Балалар жылы» және 18-24 маусым – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл ...
Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ...
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ !!! Сіздерді ҰЛТ ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 ...
26 және 27 мамыр – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуы мен «Балалар жылы» ...
Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2022 жылғы 20 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...
2022 жылдың 16 мамыр күні “Ақ жол” ҚДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ...
2022 жылдың 6 мамыр күні Ақшұқыр мектеп гимназиясында мектепке дейінгі тәрбие мен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 30.03.2022 жылғы №50 бұйрығына сәйкес ,2022 ...