Орталық жаңалықтары

«Ойын терапиясы - өзімен және өзгелермен қарым -қатынастағы тепе-теңдік» тақырыбында семинар өтті.

Бүгін, 30 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ойын терапиясы - өзімен және өзгелермен қарым -қатынастағы тепе-теңдік» тақырыбында арнайы білім беру ұйымдарының педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, арнайы мектептері мен арнайы балабақшаларының дефектолог, логопед, психолог мамандарына онлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері ойын терапиясы арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын жақсарту, психологиялық және әлеуметтік саласындағы оң өзгерістерге қол жеткізуін тиімді ұйымдастыру, жұмыс жүргізетін мамандар арасында ынтымақтастық қалыптастыру.

Қамтылған аудитория: Арнайы білім беру ұйымдарынан 65 маман (директордың орынбасары-4, дефектолог-18, логопед-19, тифлопедагог-1, психолог -10, бастауыш сынып мұғалімдері-2, әлеуметтік педагог -1, тәрбиеші-7 және пән мұғалімдері - 3).

Жауғашты Әсем Бейбітқызы, №5 Жаңаөзен арнайы мектебінің дефектологі «Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер»;

Кубейова Гульмира Бақытқалиқызы, Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мұғалім-дефектологі; «Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балаларды дидактикалық ойындар арқылы тілдерін дамыту»;

Каужанова Венера Тұрсынғалиқызы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының дефектологі «Ойын терапия түрлерінің бала қобалжуын азайтуға тигізер әсері»;

Муханбетова Асель Нұржігітқызы, №1 арнайы балабақшасының психологі «Көру қабілеті бұзылған балаларға сенсорлық тәрбие беруде дидактикалық ойындарды қолдану» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Google форма арқылы кері байланыс берді. 

title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2024 жылдың 15 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының облыстық педагог – психологтер ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене ...

2024 жылғы 13 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Білім басқармасының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 10 мамыр күні ...

2024 жылғы 10 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...

2024 жылғы 4 мамыр күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің ...