Жастар жаңа форматта жүздесті
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні «Достық үйінде» жастардың бас қосуы өтті. Облыстық шараны ұйымдастыруға Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мұрындық болды.
Жастардың жігерін жанып, жарқын болашаққа құлшынысын арттыруға мотивация беру, ел мен жерге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен кездесуге 400-ден аса адам қатысты. Олардың басым бөлігі – өңіріміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студент жастары. Одан бөлек аталмыш шараға жергілікті блогерлер, еріктілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
Жастардың жылы жүздесуін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Түгелқызы ашып, жастар тақырыбында пікір білдірді.
«ZHASTAR TALKS», яғни «Жастардың жүздесуі» деп аталған кездесудің өту форматы да ерекше, TED-х түрінде өрбіді.
Шақырылған спикерлердің дені де – жастар. Олардың қатарында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің кавалері Аят Сүгірбай, Маңғыстау ауданы Оңды ауылының әкімі Қуаныш Жәнібекұлы, облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов, Есенов колледжінің студенті Шалқар Ақмолдаев, Mediana Services компаниясының ІТ маманы Серік Серікбаев бар.
Аят Исатайұлы өтпелі шақ – жастық дәуренді бекер өткізбей, әр уақытты білім алуға, өзін-өзі дамытуға жұмсау керектігін, сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлінің ерекше екендігіне тоқталып өтті.
Ал облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының директоры Мәди Тоқанов жиналған жастармен ашық микрофонда диалог құра отырып, есірткі тұтынудың зардабына маман ретінде тоқталды, жастар ой сала білді.
Есенов колледжінің 4-курс студенті Шалқар Ақмолдаевтың сахнаға шығуы жастарға рух берді. Мүмкіндігі шектеулі бола тұра, спортшылар арасында штанг көтеруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атануы – ата-анасының қолдауы екендігін айта келе, денсаулықтың қадірін біліп, уақытты бос өткізбеуге шақырды.
Ал Қуаныш Жәнібекұлы ерте жастан саясатқа араласып, 25 жасында әкім болуының басты себебі отанға, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктен туындағанын және әрбір ұрпақ өзін-өзі үнемі дамытып, ізденіп, оқып-тоқығанда ғана белгілі бір жетістікке қол жеткізетінін баса айтты. Жастардың сұрақтарына жауап берді.
ІТ маманы Серік Серікбаев әлеуметтік желінің құлы болмай, қажетті тұстарын ғана алып, өз пайдасына жарату керектігін баса айтты.
Шара соңында Білім басқармасының басшысы Динара Нағимоллақызы ұрпақ тірбиелеудегі қажырлы еңбегі үшін студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің студенті, бірнеше республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, суырып салма ақын Алиев Жанболат жастарға арнау айтып, жырдан шашу шашты.
Жаңа форматта өткен жылы жүздесу қатысушылардың көңілінен шықты.
2024 жылдың 21 қазан күні Қарақия ауданындағы білім беру ұйымдарындағы директорлар, ...
2024 жылдың 21 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі ...
«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі Маңғыстау облысының білім ...
Ағымдағы жылдың 21-24 қазан күндері “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын, Ата-аналарды ...
18.10.2024 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім ...
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңес ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы ...
Ағымдағы жылдың 7-18 қазан аралығында "Отпан" жобасы аясында "Педагогикалық ...
Бүгін, 2024 жылғы 14 қазан күні Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» техникалық ...
Мұғалімдер күні мерекесімен қабат жеткен сүйінші хабар! Республикалық ...