ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.
Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.
Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.
Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.
Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы
- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы
- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...
Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...
2026 жылдың 25 ақпан күні Ақтау қаласында №35 «Балдырған» бөбекжайы базасында ...
Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасының Білім берудің ...
Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 23 ...
2026 жылғы 20 ақпан күні Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов ...
Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

__19e7bca0a023d70823fbdcb9606daf10.jpeg)


__bfe5295c9561aa9e80d63d2b8775f1a7.png)



__7d5fe0b593480da0b7ee3a4a55db3d8f.jpg)





