«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы өтті.
2022 жылдың 5-6 күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы және «Зерделі» ақыл - ой дамыту мектебі ұйымдастырған математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы өтті. Көрсетілген шектік бөлініске сәйкес, Маңғыстау облысының аудан, қалаларынан 8 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту.
Олимпиадаға қатысқан педагогтер жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жолдарын үйреніп, республика көлеміндегі бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе алмасты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
- Мұнайлы ауданы, №1 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құлжанова Гүлшат Қобланқызы - ІІ орын
- Ақтау қаласы, №15 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мамыкова Жаркынай Нурмухановна - ІІ орын
- Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы №6 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Исаева Гулжихан Айжарыққызы - ІІІ орын
- Қарақия ауданы, №11 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Сүйеуова Мақпал Дембергенқызы - ІІІ орын иеленді.
- Бейнеу ауданы, Қарақұм ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
- Жарылғапова Гулмира Жұмабекқызы грамотамен марапатталды.
Қалған әріптестеріміз сертификат иеленді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында VI республикалық ...
Маңғыстау облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылғы іс-шаралар ...
2 қараша —20 желтоқсан күндері аралығында Маңғыстау облысының әкімдігі ...
2021 жылдың 2 қараша күні Облыстық психологиялық кеңес қызметінің іс-шаралар ...
02.11.2021ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...
2021 жылғы 27 қазан күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ...