Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
2023 жылдың 13 қарашасы күні педагогикалық қызметтің тиімді ұйымдастырылуын ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 31.10.2023 жылғы "2023-2024 оқу жылында ...
2023 жылдың 2 қарашасы күні Ақтау қаласындағы №30 жалпы білім беретін мектепте ...
2023 жылдың 2 қарашасында «Тереңге тартқан тамырын, Киелі білім ордасы» атты ...
01 қараша 2023ж. күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Мұнайлы аудандық оқу-әдістемелік ...
Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап ...
31 қазан 2023ж. күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...
Құрметті әріптестер! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылғы ...

















