Орталық жаңалықтары

Облыстық «Үздік аула клубы» байқауы

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай өткізілді.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын аула клубтарын қолдау және дамыту.

Облыстық байқауға аудан, қалалардан қосымша білім беру ұйымдары жанындағы барлығы 5 аула клубының жұмысы келіп түсті

Аула клубтың ұйымдастырушы педагогтері диаграмма және статистикалық деректерді көрсету арқылы өз аула клубтарын таныстырып, оқушыларды қосымша білімге тарту, қосымша білім берудің маңыздылығы мен тәрбие процесін ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктері мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалысы аясындағы жұмыстарын көрсетті.

Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысында:

І орын - Бейнеу ауданы,Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі жанындағы «Сам» аула клубы;

ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебі жанындағы «Басқұдық» аула клубы;

ІІІ орын - Ақтау қаласы, Оқушы орталығы жанындағы «Тұлпар» аула клубы иеленді.

Жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы дипломдарымен марапатталады! 

title=


Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...

2026 жылғы 12 ақпанда Ақтау қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп базасында ...

Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

2026 жылдың 12 ақпан күні республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ...

2026 жылдың 12 ақпан күні Б.Қалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ ...

2026 жылдың 12 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...

Жаңаөзен қаласында 2026 жылдың 10-11 ақпан күндері “Болашақ сарайы” базасында ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі білім беру ...

Білім беру ұйымдарының нысанына қарамастан тәрбие жұмысы жөніндегі ...