Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



2020 жылы, 14 қазан күні сағат 11:00-де облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

2020 жылдың 14 қыркүйек күні республикалық бюджет есебінен құрылғылардың кезекті ...

Бүгін 28 тамыз күні Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мұғалімдердің ...

2020 жылы 21 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 21 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 21 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні  ...

2020 жылы 20 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 20 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 19 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...